Whirlpool HS MR 2A ZU B Instruction for Use Page 73

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 96
  • Table of contents
  • TROUBLESHOOTING
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 72
73
it
73
kz
Құрылғыңыз Қуатты қашықтан басқару тетігімен
жабдықталған болса, батареяларды салу керек
(«Мүмкіндіктер» тарауындағы «Қуатты қашықтан
басқару тетігі» параграфын қараңыз).
БАТАРЕЯНЫ ЗАРЯДТАУ (С)
Зарядтау уақыты 2–4 сағат болады, бірақ ол
модельге байланысты.
Зарядтамас бұрын батарея жинағы шаңсорғышқа
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Құрылғымен
бірге берілген түпнұсқалы зарядтағышты ғана
қолданыңыз.
1. Негізгі корпустың артындағы зарядтау
қақпағын (34) ашып, зарядтағышты ток
желісіне жалғаңыз.
2. 4 ЖШД-дағы (41) батарея индикаторы (39)
зарядтау кезінде жыпылықтап тұрады.
3. Батарея индикаторы (41) жыпылықтамаса,
демек шаңсорғыштың батареясы
зарядталған; айырды ток желісінен суырып,
негізгі корпустың артындағы зарядтағышты
ажыратып, зарядтау қақпағын жабыңыз.
Батареяларға зақым келмеуі үшін зарядтау
уақыты 12 сағаттан аспауы қажет екенін
ескеріңіз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚОЛДАНУ
Шаңсорғышты сүзгілерін немесе шаң контейнерін
салмай қолданбаңыз, себебі құрылғы зақымдалуы
мүмкін.
1. Щетка индикаторындағы (30) сырғитын
тұтқаны негізгі корпустың артқы жағына
орналастырыңыз.
2. Бастау/тоқтату түймесін (37) басыңыз, сол
кезде күту индикаторы (40) мен 4 ЖШД-дағы
батарея индикаторы (41) жанады, одан кейін
құрылғыны іске қосу үшін электрондық қуат
реттегішін (38) басыңыз.
3. Сору қуаты әдепкі мәні бойынша орташа
қарқындылыққа орнатылады, сору қарқындылығын
таңдау үшін (модельге байланысты) +/- түймесін
қолданыңыз және тұтқадағы Қуатты қашықтан
басқару тетігімен қуатты электрондық жолмен
реттеңіз (23, 24) немесе электрондық қуат
реттегішін қолмен итеріңіз (38).
Зақым келтірмеу үшін перде, мата, жастық сияқты
нәзік заттарды тазалаған кезде төмен сору күшін
қолдануды ұсынамыз.
1. Мүмкіндік болса, шаңсорғышты кідірту үшін
Қуатты қашықтан басқару тетігінде күту түймесін
(22) қолданыңыз (модельге байланысты).
2. Құрылғыны өшіру үшін іске қосу/тоқтату
түймесін (37) қайтадан басыңыз.
Электр жетегі бар щетканы қолдану
Өнім тік қалыпта тұрмаған кезде, күштеп сору және
УК жарығы бар айналатын щетка (бар болса) жұмыс
істейді. Шаңсорғышты кідірту үшін Қуатты қашықтан
басқару тетігіндегі (22) күту түймесін (21) қолданыңыз,
ал сору қуатын қайта қосу үшін күту түймесін немесе
электрондық қуат реттегішін басыңыз.
Осы өнім тұрақ қалпында болғанда, Іске қосу
және кідірту функциясы УК жарығын (бар болса)
және айналатын щетканы өшіріп, сору қуатын
қосылған күйде ұстайды. Бұл қалыпта қысқыштағы
(17) басқа керек-жарақтарды қолдануға болады.
Шаңсорғышты кідірту үшін Қуатты қашықтан басқару
тетігіндегі (22) күту түймесін (216) қолданыңыз, ал
сору қуатын қайта қосу үшін күту түймесін немесе
электрондық қуат реттегішін басыңыз.
Шаңсорғышты тұтқасынан (Е) ұстап қолданған
жағдайда.
Ол электр жетегі бар щеткамен тазалауға
келмейтін жерлерді тазалауға мүмкіндік береді.
1. Керек-жарақ индикаторындағы (29) сырғитын
тұтқаны негізгі корпустың артқы жағына
орналастырыңыз.
2. Тұтқаны сырғыту қысқышын (25) төмен басу
арқылы екі функциялы керек-жарақты (18)
тұтқа жақтауына бекітіңіз.
3. Тұтқаны шешіп алу үшін тұтқаны босату
түймесін (36) басып, оны шығарып алыңыз.
4. Бастау/тоқтату түймесін (37) басыңыз, сол
кезде күту индикаторы (40) мен 4 ЖШД-дағы
батарея индикаторы (41) жанады, одан кейін
құрылғыны іске қосу үшін электрондық қуат
реттегішін (38) басыңыз.
МҮМКІНДІКТЕР
ЖШД индикаторлары және
Электрондық қуат реттегіші (38,39)
(бар болса)
Күту индикаторы (40): Қуатты қашықтан басқару
тетігіндегі күту түймесін (22) қолданған кезде
сору күші тоқтап, қуат индикаторы (42) бір рет
жыпылықтайды. Сору күшін қайта қосу үшін күту
түймесін (22) басыңыз. Күту индикаторы үнемі
жанып тұрады.
Батарея индикаторы (41): Өнім жұмыс істеген
кезде, батарея индикаторы (41) жанып тұрады, ал
зарядтау кезінде ол жыпылықтап тұрады.
Қуат индикаторы (42): Қуатты қашықтан
басқару тетігінде бір түймені басқан кезде ол
жыпылықтайды.
Page view 72
1 2 ... 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 ... 95 96

Comments to this Manuals

No comments