Whirlpool HS MR 2A ZU B Instruction for Use Page 74

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 96
  • Table of contents
  • TROUBLESHOOTING
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 73
74
it
74
kz
Сүзгіні тазалау қажеттігінің индикаторы (43):
бірнеше сағат қолданғаннан кейін ЖШД жанады.
HEPA сүзгісін тазалағаннан кейін («Тазалау және
техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз)
индикаторды бастапқы қалпына келтіру үшін,
Қуатты қашықтан басқару тетігіндегі «+» таңбасын
(24) бірнеше секунд басып тұрыңыз.
Электрондық қуат реттегіші (38): негізгі
корпустағы осы түйме басылғанда сору күші
циклде жұмыс істейді (орташа -> макс. -> мин.
-> орташа). Соның арқасында қажетті сору күшін
орнату мүмкін болады.
Қуатты қашықтан басқару тетігі
Қуатты қашықтан басқару тетігі (21) (бар болса)
сору күшін тұтқадан тікелей әрі оңай реттеуге
мүмкіндік береді. Шаңсорғышты қолданған кезде,
күту түймесін (22) басу арқылы оны күту режиміне
қоюға болады.
Қуатты қашықтан басқару тетігінің батареяларын
салу немесе ауыстыру
1. Батарея бөлігін (28) ашыңыз.
2. Оң және теріс полюстеріне назар аударып, екі
ААА батареясын салыңыз.
3. Батарея бөлігін, орнына түскенше жауып,
қақпақты бұрап бекітіңіз.
Ультракүлгін жарық
УК жарығы (бар болса) (4) ультракүлгін
жарықпен залалсыздандыру функциясы, щетка
жерден шаңды әдеттегідей жинап тұрған кезде,
УК шамы жанып, антисептикалық функция жұмыс
істейді. Щетка көлденең бетке тимеген жағдайда,
УК жарығы сөндіріледі.
УК жарығын ауыстыру үшін ең жақын Өкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Hepa сүзгісі
Бұл модельде Аса таза Нера сүзгісі бар. Аса таза
Нера сүзгісі аллергендерге қарсы максималды
қорғау деңгейін және жоғары ауа сапасын
қамтамасыз етеді, себебі құрылғыдан шығарылған
ауа шаң/ұнтақ қалдықтарынан толығымен
тазартылған болады.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
Шаңсорғышты тазаламас немесе оған қызмет
көрсетпес бұрын, ол розеткадан ажыратылғанына
көз жеткізіңіз. Құрылғыны, оның ішкі бөліктерін
және қосымшаларды тазалау үшін әсері күшті
немесе абразивті заттарды қолданбаңыз. Тазалау
үшін құрғақ не сәл дымқыл жұмсақ шүберек
қолданыңыз. Құрылғыны қайта қоспас бұрын
құрылғы мен оның барлық бөлшектері құрғақ
екеніне көз жеткізіңіз. Сүзу өнімділігін қалпына
келтіру үшін сүзгіні кем дегенде 6 айда бір рет
тазалап тұрған жөн. Қайтсе де, максималды
өнімділікті қамтамасыз ету үшін сүзгіні кем дегенде
жыл сайын ауыстырған жөн. Шаңсорғышты
әрдайым сүзгісін орнатып қолданыңыз.
Шаң сауытын тазалау
Шаң сауытын жүйелі тазалап отыру үшін келесі
процедураны ұстаныңыз (G):
1. Шаң сауытын босату түймесін (6) басып, шаң
сауыты жинағын (7) шығарып алыңыз.
2. Шаң сауыты жинағын тік күйде, қақпағын
төмен қаратып ұстаңыз.
3. Шаң сауыты қақпағының құлпын (16) басып,
шаң сауыты контейнерін (15) ашыңыз.
4. Шаң сауытын босатыңыз.
5. Шаң сауытының қақпағын «тық» еткен дыбыс
естілгенше жауып, қайтадан негізгі корпусқа
орнатыңыз.
Қалған кірді кетіру мақсатымен шаң сауыты
контейнерін жуу үшін мына әрекеттерді орындау
керек (G, H):
1. Шаң сауыты контейнерін жумас бұрын, оны
босатқаныңызға көз жеткізіңіз.
2. Шаң сауытын ашу үшін, жоғарғы шаң сауытын
суретте (G) көрсетілгендей бұрап, мотор
қақпағының (11) артындағы бұранданы шаң
сауытындағы (15) құлыпты ашу белгісіне
дәлдеңіз.
3. Мультициклондық сүзгіні (13) шығарып
алыңыз.
4. Суретте (14) көрсетілгендей металл тұтқадан
ұстап, төменгі мультициклонды (H2) шаң
сауыты контейнерінен шығарып алыңыз.
5. Шаң сауыты контейнерін су ағынында жуу
арқылы қалған кірді кетіріңіз.
6. Бөлшектері кепкенше бөлме
температурасында ұстаңыз.
7. Төменгі мультициклон мен сүзгіні қарама-
қарсы ретпен жинаңыз.
8. Шаң сауытын жабу үшін, жоғарғы шаң сауытын
суретте (G) көрсетілгендей бұрап, мотор
қақпағының (11) артындағы бұранданы шаң
сауытындағы құлыптау белгісіне дәлдеңіз.
9. Мотор қақпағының (11) артындағы бұранда
мен шаң сауытындағы құлыптау белгісі бір-
біріне дәл келтірілгенде шаң сауыты дұрыс
орнатылған болады.
Page view 73
1 2 ... 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 ... 95 96

Comments to this Manuals

No comments