76
KZ
3. Дисплей терезесінде “ ” таңбасы пайда болғанша
БАҒДАРЛАМАЛАР тұтқасын сағат тілінің бағытымен
бұраңыз.
4. РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз.
5. Пешті өшіру үшін РЕТТЕУ тұтқасын қайтадан «0»
позициясына бұраңыз.
Пісіруді бағдарламалау*
Жедел басталатын тағам дайындау уақытын
бағдарламалау
1. Дисплей терезесінде қажетті тағам дайындау уақыты
пайда болғанша БАҒДАРЛАМАЛАР тұтқасын сағат
тілінің бағытымен бұраңыз.
2. РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз. Пеш жедел қосылып,
жоспарланған тағам дайындау уақыты бітпей өшпейді.
3. Таңдалған уақыт біткенде дыбыс сигналы естіледі.
Оны өшіру үшін, дисплей терезесінде “ ” таңбасы
пайда болғанша БАҒДАРЛАМАЛАР тұтқасын сағат
тілінің бағытымен бұраңыз.
4. SELECTOR (РЕТТЕУ) тұтқасын «0» позициясына бұраңыз.
• Мысалы: қазір сағат 9:00 делік және уақыт 1 сағат
15 минутқа орнатылсын. Бағдарлама сағат 10:15
болғанда автоматты түрде тоқтайды.
Кідіртіліп басталатын тағам дайындау уақытын
бағдарламалау
1. Дисплей терезесінде “ ” таңбасы пайда болғанша
БАҒДАРЛАМАЛАР тұтқасын сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
2. БАҒДАРЛАМАЛАР тұтқасын тартып, қызыл тілі қажетті
тағам дайындау уақытына келгенге дейін сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.
3. Дисплей терезесінде қажетті тағам дайындау уақыты
пайда болғанша БАҒДАРЛАМАЛАР тұтқасын сағат
тілінің бағытымен бұраңыз.
4. РЕТТЕУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз. Пеш жоспарланған
тағам дайындауды бастау уақытында қосылады және
көрсетілген тағам дайындау уақыты аралығында өшпейді.
5. Таңдалған уақыт біткенде дыбыс сигналы естіледі.
Оны өшіру үшін, дисплей терезесінде “ ” таңбасы
пайда болғанша БАҒДАРЛАМАЛАР тұтқасын сағат
тілінің бағытымен бұраңыз.
6. SELECTOR (РЕТТЕУ) тұтқасын «0» позициясына бұраңыз.
• Мысалы: қазір сағат 9:00 делік және уақыт 1 сағат 15
минутқа орнатылсын, ал басталу уақыты сағат 11:00
деп орнатылсын. Бағдарлама автоматты түрде сағат
11:00-де басталып, сағат 12:15-те тоқтайды.
! Жоспарланған пісіру режимінен бас тарту үшін, дисплей
терезесінде “ ” таңбасы пайда болғанша БАҒДАРЛАМАЛАР
тұтқасын сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Тағам дайындау режимдері
! Төмендегілерден басқа тағам дайындау режимдерінің
барлығына 60°C пен МАКС аралығында кез келген
температура мәні орнатылуы мүмкін
• БАРБЕКЮ (кеңес: тек МАКС деңгейін орнатыңыз)
• ГРАТИН (кеңес: 200°C-тан асырмаңыз).
TRADITIONAL OVEN (ДАҒДЫЛЫ ПЕШ) режимі
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері қосылады.
Тағам дайындаудың осы дағдылы режимін пайдаланған
уақытта тек бір тағам дайындау тартпасын қолданған
дұрыс болады. Бірден көп тартпа қолданылғанда пеш
ішіндегі температура бірдей болмауы мүмкін.
MULTI-COOKING (КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ) режимі
Барлық қыздыру элементтері (үстіңгі, астыңғы және
айналмалы) және желдеткіш қосылады. Пештің қызуы
тұрақты болатындықтан ауа тағамды біркелкі қызартып
пісіреді. Бір уақытта ең көбі екі тартпаны пайдалануға
болады.
BARBECUE (БАРБЕКЮ) режимі
Үстіңгі қыздыру элементі және гриль істігі (бар болса)
іске қосылады.
Грильдің жоғарғы және тіке температурасы қабаттың
жоғарғы температурасын қажет ететін тағамдар үшін
ұсынылады. Бұл режим пайдаланылғанда пештің есігі
әрдайым жабық тұруы қажет.
GRATIN (ГРАТИН) режимі
Үстіңгі қыздыру элементі, сондай-ақ, желдеткіш және
гриль істігі (бар болса) іске қосылады. Осы мүмкіндіктердің
жиыны пештегі ауаның күшейтілген айналымы арқылы
қыздыру элементтерінің бір бағытқа жылылық бөлуінің
тиімділігін арттырады. Бұл тағамды күйіп кетуден сақтауға
көмектеседі және жылудың тағамның ішкі жағына енуіне
мүмкіндік береді. Бұл режим пайдаланылғанда пештің
есігі әрдайым жабық тұруы қажет.
PIZZA (ПИЦЦА) режимі
Астыңғы және айналмалы қыздыру элементтері мен
желдеткіш қосылады. Бұл қосынды, әсіресе астыңғы
элементке байланысты, жоғары мөлшерде жылу
шығарып, пешті жылдам қыздырады. Бір уақытта бірден
көп тартпа қолданылатын болса, тағам дайындау үрдісінің
ортасында табақтардың орындарын алмастырыңыз.
BAKING (ПІСІРУ) режимі
Артқы қыздыру элементі мен желдеткіш іске қосылады
да, жылудың бүкіл пешке жұмсақ әрі біркелкі түрде
таралуын қамтамасыз етеді. Бұл режим температураға
сезімтал болатын және көтерілуді қажет ететін торт
сияқты тағамдарды және ұннан жасалған бәліштерді
үш тартпада бірдей жасауға арналған.
* Тек белгілі бір модельдерде бар.
Comments to this Manuals